«Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2014 жылғы 3 қазандағы № 3-3/503 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 792 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5482 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 15 (1438) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» 1998 жылғы 9 шілдесіндегі Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 13) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесінде:
1, 2, 3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Асыл тұқымды мал шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 13-бабының 13) тармақшасына сәйкес әзірленді және асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімін (бұдан әрі - мемлекеттік тіркелім) жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердің асыл тұқымды малдардың сандық, сапалық және өнімділігі туралы деректері малдардың түрлері мен тұқымдары бойынша мемлекеттік тіркелімге енгізіледі.